Қазақстанға 11 елдің президенті келеді

Астанада өтетін Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI Саммитіне 11 елдің президенті келеді деп жоспарланған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Айтулы шараға дайындық қызу жүріп жатыр. Елордалық оқушылар онлайн форматқа ауыстырылды. Ал қала көшелеріндегі қоғамдық тәртіпті бақылау қазірдің өзінде күшейтілді. Осы аптада өтетін шараларға бас қала сақадай-сай. Қалалық әуежайдан бастап шаһардың бас көшелеріне дейін күзет күшейген. 12-13 қазанда болатын Азиядағы өзара іс-әрекет және сенім шаралары кеңесінің саммитіне Әзербайжан, Ирак, Иран, Катар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия және Өзбекстан басшылары келеді. Вьетнам мен Қытайдың вице-президенттері алқалы жиынға қатысады.

Аман Мамбеталиев, саясаттанушы:

СВМДА деген ол көбісі біздің түсінбейтін шығар, не үшін қажет дегендей. Бұл ұйымның басты мақсаты ол қауіпсіздің контингенті Азиядағы. Ол ұйымға біраз мемелкеттер кіреді. Кейбір мемлекеттер бар, СВМДА-ға кіріп тұрып, бір бірімен қарым-қатынас жоқ дипломатиялық. Израиль мен Палестина, Солтүстік Оңтүстік Корея, Қытай мен Тайвань дегендей сияқты. Қазақстан соның ұйымы болып тұрған медиатор.

Бұл – кеңестің алтыншы саммиті. Алғашқы жиын осыдан 20 жыл бұрын өтті. Бірінші саммит терроризмді жоюға және өркениеттер арасындағы диалогты жеңілдетуге арналды. Одан кейінгі самиттерде де осындай түйткілді мәселелер талқыланды. Бесінші самит ең көп мемлекеттер мен үкімет басшылАры қатысқан жиын болды. Оған 15 елдің өкілі келді.

Ғазиза Мұхамеджанова, тілші:

Биылғы жиынның ауқымы бесінші самиттен кем болмайын деп тұр. Осы жолғы кездесуге 50 делегация келеді. Әлемдегі күрделі геосаяси жағдайды ескере отырып, алдағы басқосуға үлкен үміт артылды. Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің VI Саммиті Қазақстанда ғана емес, жалпы әлемдегі аса ауқымды сыртқы саяси оқиғалардың біріне айналады деп күтіліп отыр.

Биылғы саммитте Кеңеске қатысушылар саны артып, саяси аренадағы салмағы бар ұйымға айналуы мүмкін дейді сарапшылар.

Самат Нұртаза, саясаттанушы:

Осы алтыншы СВМДА отырысы бұл бұрынғылар сияқты қатардағы отырыс емес. Мына қазіргі дүрбелең заманда, Еурозия континентінде болып жатқан оқиғаларға, соның фонында болып жатқан кездесу. Яғни АрменияӘзербайжан конфликті, қырғыз бен тәжіктің шекарасындағы атыс-шабыс, РесейУкраина қақтығыс деген сияқты. Соның барлығында осы СВМДА болсын, ОДКБ болсын, соның сыналатын кезі келді.

14 қазанда Астанада «Орталық Азия-Ресей» саммиті де өтеді. Жоғары деңгейдегі кездесу барысында Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ресей президенттері алты жақты форматтағы ынтымақтастықтың келешегін талқылайды. «Орталық Азия – Ресей» саммиті қорытындысы бойынша мемлекет басшыларының Бірлескен мәлімдемесін қабылдау жоспарланып отыр. Онда Еуразиялық кеңістіктегі өңірлік ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қарастырылады.

Авторлары: Ғазиза Мұхамеджанова, Ақылбек Есімсейітов