Қ.Тоқаев Сингапур делегациясын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур Премьер-министрі кеңсесінің министрі Мұхамед Малики бин Османмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммитіне Сингапурдың қатысуы Кеңес үдерісінің дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті. Қасым-Жомарт Тоқаев еліміз Сингапурмен тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын жеткізді. Екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың артқанын атап өтті. Өз кезегінде Мұхамед Малики бин Осман Қасым-Жомарт Тоқаевқа Премьер-министр Ли Сянь Лунның ізгі тілегін жеткізді. Сондай-ақ, Қазақстанмен өзара іс-әрекетті одан әрі нығайтуға ниетті екенін айтты. Кездесу соңында Сингапур министрі Мемлекет басшысына Президент Халима Якобтың Қ. Тоқаевты Сингапурға мемлекеттік сапармен келуге шақыруын тағы да растады