Мейрам Қажыкен БҚО медуниверситетінде кездесу өткізді

Кандидат Мейрам Қажыкеннің Ақтөбедегі үгіт-насихат жұмыстары Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медициналық университетінде жалғасты.

Онда профессор-оқытушылар, студенттер және кәсіподақ өкілдерімен кездесу болды. Кандидат өзінің бағдарламасын түсіндірді.  Жиын барысында сайлаушылар тарапынан түлектерді жұмысқа орналастыру мәселелері көтерілді. Мейрам Қажыкен  сапар соңында штаб отырысын өткізді. Сенімді өкілдер өңірдегі үгіт-насихат жұмыстары жайлы баяндады. Алдағы жоспарлар да пысықталды. 

Мейрам Қажыкен, президенттікке кандидат:

- Штаб өкілдері аудандарға барып, халықтың алдында бағдарламамды таныстырып, насихат, үгітін жалғастырады. Келесі өңір Маңғыстау өңірі. Екі күн боламын Ақтауда. Ол жақтада бес-алты кездесулер өтеді. Жаңаөзенге барамын жоспар бойынша...