Салтанат Тұрсынбекова Қостанай облысында дәрігерлермен кездесті

Президенттікке кандидат Салтанат Тұрсынбекова үгіт-насихат науқанымен Қостанайға барды.

Ол қаладағы №4 емханаға соғып, медициналық мекеменің бүгінгі жай-күйімен танысты. Емделушілермен тілдесіп, мәселелерін тыңдады. Сондай-ақ, емхана қызметкерлерімен де кездесу өткізіп, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Жалпы бұл емхана 80 мың адамға шақталған. Қазір 70 мыңға жуық тұрғын ғана тіркелген. Дәрігерлер күніне 1 мың науқасты қабылдай алады. 

Салтанат Тұрсынбекова, президенттікке кандидат:

- Әуежайдан бірден төртінші поликлиникаға келіп отырмыз. Неге десеңіздер, бұл жерде ең бірінші халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын білгіміз келді. Халықтың қандай мұңы бар, қандай бізге айтар ескертулері бар.