ТМД елдері байқаушылары 1000-нан аса сайлау учаскесінде болды

Елімізде өткен президент сайлауына Тәуелсіз мемлекеттер достастығы миссиясынан 170-тен аса өкіл байқаушы ретінде қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алматыдағы 17 сайлау учаскесін аралап шыққан олар дауыс беру халықаралық талапқа сай өтті және шағымдар тіркелмеді,-дейді. Оған қоса учаскелік комиссия қызметі жүйелі, сайлаушыларға ашық ақпарат беру дұрыс жолға қойылғанын және жергілікті байқаушылардың белсенділігі де жоғары екенін атап өтті.

Николай Журавлев, ТМД миссиясының байқаушысы:

- Ешқандай шиеленіс болған жоқ, адамдар жайбарақат, жақсы көңіл-күймен келді. Сондықтан адамдарға қысым болған жоқ деген қорытындыға келдік. Ал сайлау жеңімпазының бұл сенімді нәтижесі тұрақтылықты таңдаған қоғамда қандай да бір жікке бөліну туралы айтудың қажеті жоқ екенін айғақтайды.