Франция Мұхтар Әблязовті босқын мәртебесінен айырды

Бірнеше елде қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп айыпталған Мұхтар Әблязовқа, Францияның босқындар құқықтары жөніндегі ұлттық соты саяси баспана беруден бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұны бұрынғы банкирдің өзі де растап, алдағы уақытта жоғары тұрған инстанцияға апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді. Ол үшін Әблязовқа екі ай уақыт берілген. Егер Францияның мемлекеттік кеңесі шағымды қанағаттандырмаса, бұрынғы банкир елден кетуі керек болады.