Сенатор Торғай өңірінің инфрақұрылымын тексеруді ұсынды

Қостанай облысының Жангелдин, Аманкелді аудандарының және Арқалық қаласының инфрақұрылымын тексеру керек. 

Сенат депутаты Әли Бектаев осылай деп мәлімдеді. Оның айтуынша бұл өңірдегі су, жылу, кәріз желісі ескірген. Сондықтан инженерлі-коммуникациялық жүйеде төтенше жағдай туындау қауіпі бар. Ал инфрақұрылым ахуалын нақты анықтау үшін үкімет арнайы комиссия құруы қажет деп санайды сенатор. "Ол үшін Торғай өңірін дамытудың  арнайы бағдарламасын қабылдап, оған бюджеттен қажетті қаражат бөлу керек. Сондай-ақ «Астана-Торғай-Ырғыз-Шалқар» автожол құрылысын тездету маңызды", – дейді депутат Әли Бектаев.     

Әли Бектаев,ҚР Парламенті Сенатының депутаты:

- Өңірде су құбырларының тозуы 86,5, жылу желілерінікі 87, электр жүйесі юойынша 92 пайыз. Кәріз желілерінің тозуы 92,8 пайызды құрайды. Яғни инженерлік коммуникациялық жүйеде төтенше жағдай қалыптасқан. Сондықтан Арқалық қаласы мен Амангелді-Жангелді аудандарындағы инфрақұрылымдық жүйелердің нақты жағдайын анықтау үшін Үкімет тарапынан арнайы комиссия шығаруды сұраймыз.