Қ.Тоқаев «Masdar» компаниясының бас атқарушы директорымен кездесті

Президент «Masdar» компаниясының бас атқарушы директоры Мұхаммед Әл-Рамахимен де кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл кәсіпорынмен Түркістан және Жамбыл облыстарында қуаттылығы 1 ГВт жел электр станциясын салу жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру жоспарланып отыр. Өз кезегінде Мұхаммед Әл-Рамахи Қазақстанның жасыл энергетика саласындағы әлеуетін атап өтіп, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға мүдделі екенін жеткізді.

Ал Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Энергетика министрлігі мен «Masdar» компанияcы арасында келісімнің жүзеге асатынына сенім білдірді. Орайы келгенде Қазақстан 2060 жылға дейін көмірсутегі бейтараптығына қол жеткізуді, сондай-ақ 2030 жылға дейін жаңартылатын энергияның үлесін 4-тен 15%-ға дейін арттыруды көздеп отырғанын айтты.