Respublica партиясының өкілдері Қонаев қаласына барды

Respublica партиясының өкілдері жаңа атауға ие болып, жаңа тынысы ашылған Қонаев қаласына табан тіреді.

Шаһар орталығындағы көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаевтың ескерткішіне гүл қойды. Содан кейін қала халқымен кездесіп, саяси науқанның маңызы мен міндетін, бағдарламаларын түсіндірді. Бұдан соң партия өкілдерін кітапханалардың бірінде жастар қарсы алды. Онда партия жетекшілері белсенді жастармен диалог алаңын құрып, тәжірбиелерімен бөлісті. Сапар соңы жергілікті өнер адамдарымен кездесуге ұласты.

Руслан Берденов, Respublica партиясының тең төрағасы:

 - Үгіт-насихат науқаны жақсы жүріп жатыр. Осы жылы көріп жатырмыз жеті партия құрылды. Өзекті мәселелер көп. Бүгін Қонаев қаласындамыз. Осы жастардың, белсенділердің, халықтың көптеген проблемаларын тыңдап жатырмыз.