ЖСДП мүшелері көкшетаулықтармен кездесті

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясынан депутаттыққа үміткерлердің сапары Көкшетау қаласында жалғасты.

Саяси ұйым өкілдері жергілікті тұрғындармен кездесу ұйымдастырды. Олардың арасында ауыл шаруашылық және өндіріс салаларының еңбеккерлері бар. Қалаға қарасты бірқатар елді мекендегі азаматтар да шаһар орталығына келіп, өздерін толғандыратын сұрақтарын қойып, жауап алды. Сондай-ақ кандидаттар тұрғындарды алдағы сайлауда белсенділік танытуға шақырды.

Ілияс Жанғали, ЖСДП мүшесі:

- Әлеуметтік, тұрмыстық бағдар бойынша сұрақтар қойылды, ол медициналық жағынан. Ол әлеуметтік саласындағы ең өзекті мәселе болды. Сол мәселелер бойынша бүгінгі жиында өте ауқымды, жоғары деңгейде іс-шара өткізілді.