«Ауыл» партиясының өкілдері Абай облысына барды

«Ауыл» партиясының өкілдері Абай облысына барып, тұрғындарымен жүздесті.

Өзекті мәселелерін тыңдап, оны шешу жолдарын талқылады. Мұнан соң, партия өкілдері қаладағы жолаушылар және қоғамдық көлік жүргізушілерімен жолықты. Жалпы Семей қаласында әлеуметтік маңызға ие 40 бағыт бар. Үш автопарк жұмыс істейді. Депутаттыққа кандидаттар шаһардағы бірқатар қоғамдық көлікке отырып, автобустардың бағытын бажайлап, мән-жайымен танысты. Семейліктердің сайлауға деген көзқарасын біліп, оларға саяси науқанның маңыздылығын түсіндірді.

Асылан Ғазизов, қала тұрғыны:

 - Сайлау мен үшін Қазақстан экономикасын дамыту және жастардың жарқын болашағы үшін маңызды. Мұндай саяси науқандарды өткізбеуге тырысамын және өзім де дауыс беремін.