ҚХП кандидаттары Алматыда спорт және бизнес ұжымымен жүздесті

800-ден астам кездесу. Бұл – Қазақстан Халық партиясының осы уақытқа дейін өткізген сайлауалды іс-шараларының есебі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бір ғана Алматыда кандидаттар 10 мың адаммен кездесіпті. Кезекті үгіт-насихат қаладағы спорт кешенінде ұйымдастырылды. Жиынға хоккей, мұзда мәнерлеп сырғанау спортының жаттықтырушылары мен өзге де қызметкерлер қатысты.

Мұнан соң штаб өкілдері қаладағы сусын шығаратын кәсіпорынға барды. Кездесу барысында партиялықтар сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

Алуа Кетегенова, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ мүшесі:

- Күнтізбелік жоспар аясында базардағы қарапайым сатушылар, денсаулық сақтау, білім саласындағы азаматтармен де кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Сонымен қатар әлеуметтік желіде де партияның бағдарламасын кеңінен насихаттаудамыз.