«Байтақ» жасылдар партиясы еуропалық партиямен ынтымақтастық орнатты

«Байтақ» жасылдар партиясы Эстонияның жасылдар партиясымен өзара ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Келісім еуропалық әріптестермен онлайн форматта өтті. Қос партия құжат аясында ғылым, білім және экология саласында тәжірибе алмасуды көздеп отыр. Іс-шара барысында байтақтықтар сайлауалды тұғырнамасын таныстырып, Қазақстанда өтетін науқанның маңыздылығына тоқталды.

Қазір партияның үгіт-насихат жұмыстары аймақтарда кестеге сай жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күнге дейін сайлаушылармен 3,5 мыңнан астам кездесу өткізілді.

Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:

 - Біз олардан көп нәрсе үйренуіміз керек. Сондықтан тәжірибе алмасу бағытында бар нәрсені дамыған елдегі елімізге пайдалануымыз керек. Сол үшін, міне, өзіміздің шетелдік жасылдар партиясымен меморандумға отырып жатырмыз.