Саяси реформалардың іске асуы сайлау мәдениетін дамытады

Елде партиялық бәсекелестікті дамыту және азаматтардың Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттығына өзін-өзі ұсыну мүмкіндігі үшін жағдай жасалды.

Сондай-ақ, жүзеге асырылып жатқан саяси реформалар сайлау мәдениетін дамытып, азаматтық белсенділіктің артуына ықпал етуде. Стратегиялық зерттеулер институтының сарапшылары бас қосқан жиында Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин осылай деді. Сондай-ақ, ол қазіргі сайлау кезеңі саяси трансформацияның негізгі элементінің бірі екенін атап өтті. Спикерлер осы сайлау науқаны мемлекеттік институттарды жаңғыртудың түпкілікті кезеңі екенін айтты. Кешенді саяси реформалар өкілді билік тармақтарының барлық деңгейіне ықпал етіп, жаңаруына мүмкіндік беріп отыр. Алдағы сайлау қоғамдағы өзгерістердің көрінісі болып, билік институттарын жаңғыртудың маңызды кезеңіне айналады.

Талғат Қалиев, Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры:

- Бұндай талқылаулар өте маңызды. Өйткені, бұл өзі бір саяси процестің ашықтығының көрсеткішінің бірі. Өйткені, әртүрлі эксперттердің әртүрлі пікірлері болады. Реформа деген ол шетелдік тілден аударғанда форманың өзгертуі дегенді білдіреді, ол формасын өзгертеді, заңдар өзгереді. Ал қоғамның ішкі пікірі қандай болады екен, құндылықтары қандай болады, оның бәрін өзі қоғам шешуі керек. Қоғамда дисскуссия деген ол ашықтықтың, демократияның бір ерекшелігі.