Абай облысында 416 мың тұрғын дауыс береді

Абай облысының Көкпекті ауданының 10 мыңға жуық тұрғыны 19 наурызда өз таңдауын жасайды.

Осыған орай өңірде 200-ден астам комиссия мүшесі бар 30 сайлау учаскесі құрылды. Аудандық мәслихатқа 31 адам үміткер ретінде тіркелген, оның 20-сы өзін өзі ұсынғандар. Абай облысында 416 мың сайлаушы бар. Алдағы саяси додаға 413 адам өз кандидатурасын ұсынған. Оның 50-і облыстық мәслихатқа, 8-і Парламент Мәжілісіне депутаттыққа үміткер. 

Гүлбарам Ақшабаева, Көкпекті аудандық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары:

- Бүгінгі күнде өткен жылдарға қарағанда саяси науқанға дайындық қарқынды. Халықтың да белсендігі жақсы. Көп нәрсені сұрайды, білгісі келеді. Аудандық мәслихатқа депутаттыққа үміткерлердің барлығы тіркеуден өтті.