«AMANAT» партиясының өкілдері Қызылорда облысында болды

Бүгін «AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Қызылорда облысында болды.

Өңірдегі педагогтар, ғалымдар, шаруалар және спортшылар қауымымен бірқатар кездесу өткізді. Сайлауалды бағдарламасын талқылады. Жиынға қатысушылар кітапханашылар, зертханашылар мен басқа да техникалық мамандардың мәселесін көтеріп, ұсыныс-пікірлерін ортаға салды. Мұнан соң партиялықтар Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ұжымымен және облыстағы шаруалармен жүздесті. Ашық әңгіме барысында егін суару, субсидиялау жүйесіндегі мәселелер талқыланды.

Ерлан Қошанов, «AMANAT» партиясының төрағасы:

 - Тәртіп болу керек мемлекетте, заң үстемдік құру керек. Ол үшін соған біздің қоғамымыз да дайын болу керек. Ал қоғамды дайындайдтын, болашақ ұрпақты дайындайтын ол, әрине, ұстаздар. Сондықтан сіздердің бұл жердегі еңбектеріңіз, еңбектеріңізбен қатар жауапкершіліктеріңіз өте зор.