ҚХП өкілдерінің кезекті кездесуі Алматыда өтті

Қазақстан халық партиясынның өкілдері Алматыдағы құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорынға барды.

Партия өкілдері мекеменің техникалық жай-күйін өз көздерімен көріп, еңбек ұжымымен тілдесті. Оларға сайлауалды тұғырнамасының мазмұнын түсіндіріп, саяси науқан жайлы пікір алмасты. Мұнан соң, кандидаттар зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханаға бас сұқты. Кездесуге қатысқандар ұсыныс-тілектерін жеткізді.

Жаңаби Қожахметов, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ мүшесі:

 - Біздің мақсатымыз қаланың барлық сала өкілдерін қамту. Алдағы жоспарда университет, колледж студенттерімен кездесу, аурухана дәрігерлері медбикелермен кездесу.  Осы күнге  дейін қалада 10 мыңнан астам халықпен 130 астам кездесу өткізілді.