«Байтақ» жасылдар партиясы елордадағы жылу орталығының ұжымымен кездесу

«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері бүгін елордадағы екінші жылу энергия орталығында болды.

Республикалық штабтың басшылығы мен саяси құрылым мүшелері еңбек ұжымымен кездесіп, тұғырнаманың басым бағыттарын түсіндірді. Елде жүргізіліп жатқан саяси және экономикалық реформа төңірегінде ой бөлісіп, пікір алмасты. Шаһарды жылумен қамтып отырған орталықта қазір мыңға жуық адам жұмыс істейді. Жиын барысында партия белсенділері Екібастұз жылу орталығының ұжымымен де онлайн кездесу ұйымдастырды.

Уәлихан Асқарбеков, Жылу орталығының қызмет басшысы:

 - Өздерінің сайлауалды бағдарламасын толық бізге жеткізді. Біз көкейімізде жүрген сұрақтарды қойдық. Көкейімізде жүрген сұрақтарға толық жауаптарды алдық. Бүгінгі кездесуіміз еркін, ашық өтті деп ойлаймын.