Башар Асад елімізге гуманитарлық көмек үшін алғыс айтты

Cирия Президенті Башар Әл-Асад Қасым-Жомарт Тоқаевқа ел атынан жолданған гуманитарлық көмек үшін алғыс айтты.

Ол ыстық ықыласын жеделхат келіп түсті. Онда Башар Әл-Асад биыл ақпан айында болған жойқын жер сілкінісінен зардап шеккен Сирия халқына Қазақстанның көрсеткен гуманитарлық көмегі үшін алғыс айтты.

«Қиын-қыстау шақта бізге қолдау білдіріп, адамгершілік және ізгілік танытқан Қазақстанның ұстанымын Сирия халқы жоғары бағалайды», - деді Cирия Президенті Башар Әл-Асад.