ҚХП өкілдері темірбетон зауытында болды

Қазақстан халық партиясының республикалық сайлауалды штабы өңірлерде өз жұмысын жалғастырып жатыр.

Бұл жолы олар Ақтау қаласындағы темірбетон бұйымдарын шығаратын кәсіпорында болды. Кандидаттар зауыттың техникалық мүмкіндігін көріп, өндіріс барысымен танысты және жұмысшылармен тілдесті. Партияның тұғырнама мазмұнын түсіндіріп, негізгі бағыттарына тоқталды. Қоғамдық маңызға ие мәселелер бойынша да пікір алмасты.

Рүстем Жұмаев, компанияның бас инженері:

 - Алдағы өтетін үлкен саяси науқаннан әрбір адам шет қалмауы керек. Сондықтан біздің ұжымымыз халық партиясының өкілдерімен кездесу өткізді. Олардың баяндамаларын тыңдап, әртүрлі сұрақтар беріліп ұсыныстар айтылды.