«Байтақ» жасылдар партиясы Алматыда жастармен кездесті

«Байтақ» жасылдар партиясының белсенділері Алматыда жастармен кездесті.

Басқосуға саяси ұйым мүшелері, заңгерлер, дипломаттар мен саясаттанушылар қатысты. Жүздесу аясында партия бағдарламасының негізгі бағыттары түсіндіріліп, алдағы науқанның маңыздығы айтылды. Шаһарда үгіт-насихат жұмыстары кестеге сай жүргізіліп жатыр. Партия белсенділері алдағы күндері де қарапайым сайлаушылармен және еңбек ұжымдарымен бірқатар кездеседі.

Айнұр Сәбитова, «Байтақ» жасылдар партиясы саяси кеңесінің мүшесі:

- Еркін диалог форматында өткен кездесу нәтижелі болды. Жастар тарапынан көп сұрақ қойылды. Олар тиісті жауаптарын алды. Аға буын мен бүгінгі жастар арасындағы қарым-қатынас осылай жалғаса беруі тиіс деп есептейміз.