ҚХП кандидаттары Ақтауда фабрика ұжымымен кездесті

Қазақстан Халық партиясының республикалық үгіт-насихат штабы Ақтаудағы нан және тоқаш өнімдерін шығаратын фабрикада болды.

Кандидаттар алдымен өндіріс барысымен танысты. Партия мүшелері жұмысышылармен тілдесіп, партияның тұғырнамасын таныстырды. Олардың әлеуметтік салаға қатысты мәселелері тыңдалып, ұсыныстар айтылды. Сондай-ақ штаб мүшелері мұнайшылар, көпбалалы аналар, кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері және қаладағы белсенді азаматтармен кездесті.

Алқажан Еділхан, "Қазақстан халық партиясы" ҚБ мүшесі:

- Өз жұмысымызды Жаңаөзен қаласынан бастадық. Шетпеде болдық. Негізінен ауыл шаруашылық ауданы. Ақкент қаласында болдық. Негізінен бір кездегі үлкен балықшылар мекені. Партияның бағдарламасымен таныстырдық.