Respublica өкілдері Екібастұз халқымен кездесті

Respublica партиясының өкілдері үгіт-насихат жұмыстарын Павлодар облысында жалғастырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бүгін Екібастұз халқымен кездесті. Тұрғын үйлерді аралап, тұрғындармен тілдесті. Мұнан соң кандидаттар облыстағы орталық штабқа барып, бүгінге дейін атқарған жұмыстарын қортындылады.

Жалпы, үгіт-насихат науқаны басталғалы 30 мың шақырым жүріп, 16 елді мекенді аралаған.

Маханбет Амангелдіұлы, Respublica партиясының Павлодар облыстық филиалының басшысы:

- Қазіргі таңда 160 мыңнан астам адам партия қатарына кіруге өтініш берді. Біздер халықтың мәселесін әрқайсының үйіге барып тыңдауға акцент қойып жатырмыз. Сол мақсатта бүгін Екібастұз қаласына келдік. Қаладағы ескі үйлердің біріне тоқтап, жағдайы қалай екенін білдік.