ҚХП өкілдері Жаңаөзен мұнайшыларымен кездесті

Қазақстан Халық партиясының республикалық штабы Маңғыстау облысында өз үгіт-насихат жұмысын жалғастырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы олар Жаңаөзен қаласында болып, мұнайшылармен және кеңсе қызметкерлерімен кездесті. Кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына түсінік беріп, онда көтерілген бастамаларды талқылады. Жұмысшылар қаладағы өзекті мәселелерді көтеріп, ұсыныс-пікірлерін айтты.

Нұрболат Темірбаев, «Қазақстан Халық партиясы» ҚБ мүшесі:

- Жаңаөзенде 150 мың халық бар. Қаламызға қарайтын 4 ауылымыз бар.  Теңге, Қызылсай, Кендірлі, Рахат ауылдары. Біздің ауылдың басты жұмысшылары мұнайшылар және бюджеттік қызметкерлер және де ауылшаруашылығы бар. Әр жерде ұжымдармен кездесіп, халық партиясының бағдарламасын түсіндіріп жатырмыз.