Е. Қарин: Қазақстанда бұрын-соңды болмаған өзгеріс жасалды

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин елімізде 1 жылға жетпейтін уақытта кең көлемді өзгерістер жасалғанын айтты.

Ауқымды саяси жаңғыру былтыр 16 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауынан бастау алды. Ерлан Қарин: Біріншіден, 1995 жылдан бері алғаш рет жалпыұлттық рефендум өтіп, Ата Заңның үштен бірі жаңартылғанына тоқталды. Жаңа саяси реформалар қолға алынды. Енді Мемлекет басшысы 7 жылдық мерзімге бір рет сайланады. Президент және Сенат депутаттарының сайлауы өтті. Еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымы да өзгерді. Ерлан Қарин сондай-ақ, мемлекет пен азаматтық қоғам арасында сындарлы әріптестік жалғасқанын атап өтті. Жазба Мемлекеттік кеңесшінің ресми телеграм парақшасында жарияланды.

Ерлан Қарин, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі:

- Ең бастысы, Президенттің бастамасымен іске асқан саяси реформалар ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту үдерісіне тың серпін берді. Сондай-ақ азаматтардың белсенділігін арттыруға және олардың елімізді жан-жақты дамыту ісіне атсалысуына жол ашты.