«Байтақ» партиясының үгіт-насихат жұмыстары түйінделді

«Байтақ» партиясы өз бағдарламасына барлық өңірлерден келген азаматтардың қалауларын енгізеді. Бұл туралы баспасөз конференциясында айтылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Партия өкілдері еліміздің барлық өңірлерінен келген сайлаушылардың тілектерін тыңдады. Кандидаттар бүкіл үгіт-насихат кезеңінде атқарылған жұмыстардың нәтижелерін баяндап, халықтың  ұсыныстарын ортаға салды.

Азаматхан Әміртаев, «Байтақ» жасылдар партиясының төрағасы:

- Үгіт-насихат жұмыстарын сайлау науқанында жүргіздік. 15 мың арнайы кездесу өтті. Халықпен 3,5 мың үлкен жиналыстар, кездесу өтті. Болашақта, осы жақын арада партиямыздың съезі өткен кезде біз жаңағы бағдарламамызды бекітеміз.