«Ақ жол» партиясының кандидаттары Түркістан облысының халқымен кездесті

«Ақ жол» демократиялық партиясының кандидаттары үгіт-насихат науқанының соңғы күнінде киелі Түркістанға табан тіреді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алдымен Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне барып құран бағыштады. Мұнан соң жергілікті халықпен кездесу өтті.

Жиында саяси ұйымның бағдарламасы таныстырылды. Мұндағы жұрт мазалаған сұрақтарын қойып жауап алды. Сондай-ақ облыстағы кәсіпорындарды аралап еңбек ұжымымен кездесу өтті. 

Естеріңізге сала кетейік, үгіт-насихат кезеңінде «Ақ жол» демократиялық партиясы 11 мыңнан аса кездесу өткізді.

Азат Перуашев, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы:

- Бүгін «Ақ жол» демпартиясының Республикалық штабтың мүшелері киелі Түркістан жеріне келіп отырмыз. Біз осы сайлауалды науқанымыздың ең алғашқы күні Жошы ханның басына барып, Қазақ хандығының арғы атасы басына барып, құран бағыштадық.