Қазақстан мен Ұлыбритания: Тауар айналымы $1,8 млрд

Премьер-Министр Әлихан Смайылов та Джеймс Клеверлимен кездесті.

Былтыр қос мемлекет арасындағы тауар айналымы шамамен 60%-ға өсіп,  $1,8 млрд-тан асты. «Қазақстан Үкіметі Ұлыбританиямен барлық бағыттар бойынша өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге ниетті. Бұл тұрғыда Стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастық туралы Қазақстан-Британ келісімін қабылдау маңызды қадам болмақ», — деді Әлихан Смайылов.  Ол өзара сауданы кеңейту аясында Қазақстан Ұлыбританияға 100-ден астам тауардың түрі бойынша 800 млн долларға жуық сомаға өнім экспортын ұлғайтуға дайын екенін айтты. Бұл ретте «жасыл» сутегі өндіру жөніндегі бірлескен жобаларды іске асыру, ал  Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту қызығушылық тудырады. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы экологиялық таза сутегі мен аса маңызды минералды шикізат дамыту саласындағы стратегиялық әріптестік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

- Ұлыбритания Қазақстанның еуропа континетіндегі негізгі сауда-экономикалық және инвестициялық серіктесі болып табылады. Біз екі ел арасындағы тауар айнылымын бақылап отырамыз. Біріккен Корольдік Қазақстанның ТОП-10 инвесторының қатарына кіреді. 2005 жылдан бастап республикаға шамамен $16,5 млрд тікелей инвестиция салынды. Оң өсу  үрдісі соңғы жылдары да жалғасуда.