Сайлау бюллетендерінің ерекшелігі айтылды

Орталық сайлау комиссиясы дауыс беру бюллетендерінің үлгілерін жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ресми сайтта көрсетілгендей, сайлаушыларға 5 түрлі-түсті қағаз беріледі. Мысалы, Парламент Мәжілісінің партиялық тізімдер бойынша таңдалатын депутаттары ашық көк бюллетень арқылы сайланады. Ал бірмандаттық аумақтық сайлау округтеріне жасыл, республикалық маңызы бар қалалар мен Астана мәслихаттарына қызылкүрең, бірмандаттығына қызғылт сары, облыстық маңызы бар қалалар мен аудандар мәслихаттарының бірмандаттық аумақтық сайлау округтеріне сұр түс белгіленді. Бюллетендер А5 форматында болады. Олардың әрқайсында «бәріне қарсымын» деген жолақ бар.

Нұрлан Әбдіров, ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы:

- 16 кандидатқа дейін бір бюллетень беріледі. Онда бәрі анық көрсетіледі. Ал үміткерлер саны 16-дан көп болса, онда бланктің мөлшері ұзартылады. Сонымен қатар көзі нашар көретін сайлаушылар өз таңдауын арнайы дайындалған орында жасайды.