Өскемендегі сайлау учаскелері жұмысын бастады. LIVE

Өскемендегі сайлау учаскелері жұмысын бастап кетті. Таңғы сағат 7:00-ден есіктерін айқара ашып ,алғашқы дауыс берушілерді қарсы алып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жалпы, Шығыс Қазақстан облысында 533 сайлау учаскесі, ал Өскеменнің өзінде 122 дауыс беру орны бар.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Өндірісті шаһар Өскеменде сайлау учаскелері ортақ талапқа сай таңғы 7:00-ден жұмыстарын бастап кетті. Біз қазір №46 орта мектеп ғимаратындамыз. Бұл жерде 2 бірдей №95 және №97ші сайлау учаскелері орналасқан. Мұнда жалпы 5 500 ден аса  сайлаушы тіркеліпті.

Айта кетейік, Өскеменде күн жауын шашынды. Соған қарамастан таңмен таласа дауыс беруге келгендер біршама. Олардың алғашқыларына учаске тарапынан сый сияпат та көрсетіліп жатыр. 18-ге толып, енді дауыс беретін азаматтарға да естелік сыйлықтар табысталатын болады. Өзге де ақпараттарды біз осы жердегі № 97 сайлау учаскесінің төрайымы Айжан Жомартқызынан білсек.

Гүлфарида Ауғанбаева, қалалық №95 сайлау учаскесінің төрағасы:

- Иә. Биыл енді бір дауыс берушінің қолынан 1 емес, 5 бюллетень беріледі. Оның үстіне осы 19-шы ықшам ауданда сайлаушылар қатары өте көп. Өздері белсенді. Сондықтан бұрынғыдай 3 емес, 5 кабинка жабдықтадық. Бұдан бөлек, мүгедек адамдарға арнап 2 кабинка дайындап қойдық. Сондықтан енді соңғы дауыс берушіге дейін қызмет көрсетуге дайынбыз деуге болады.

Эльмира Ахметова, тілші:

- Жалпы, біздің облыста 500 мыңға жуық сайлаушы тіркеліпті. Әскери бөлімдер мен емдеу мекемелері сынды дауыс беру барысы ерте аяқталуы  мүмкін. Ондай 9 дауыс беру орны анықталып отыр. Ал бәрінен ерте, яғни таңғы 6-да дауыс беруді бастап кеткен жалғыз ғана сайлау учаскесі бар, ол 27 943 әскери бөлімі.