Астаналық зиялы қауым өкілдері өз таңдауын жасады

Астаналық зиялы қауым өкілдері де конституциялық құқықтарын пайдаланып, өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жазушы-драматург Роза Мұқанова Елордадағы № 329 сайлау учаскесінде дауыс берді. «Президенттің елімізде жасап жатқан саяси реформасын халық қолдап отыр. Осы сайлаудағы үміткерлер арасындағы жоғары бәсекелестік, сайлаушылардың белсенділігі – сол сөзімнің айқын дәлелі"», - дейді Роза Мұқанова.

Роза Мұқанова, жазушы, драматург:

- Президенттің өзі о баста айтқаны қандай мемлекет қалыптастырамыз. Мықты, күшті Президент, ықпалды Парламент және есеп беретін Үкімет. Енді осының нәтижесі – бүгінгі сайлау. Оны халық көреді. Бүгін біз таңдауымызды жасадық. Халық өз таңдауын жасады. Бұл бізге не береді? Біз шын мәнінде бәсекеге қабілетті, саяси сауатты ұлт екенімізді көрсететін қадам – бұл.