Жамбыл облысы бойынша дауыс берушілер саны 700 мыңнан асады. LIVE

Парламент Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарын таңдауға әулиеаталықтар да белсенді қатысып жатыр.

Мерей Бает, тілші:

- Жалпы, бұл сайлау бұрынғыдан өзгерек десек қателеспейміз. Себебі бұл жолы депутат болғысы келетіндер көп.  Мәселен, Жамбыл облысынан кантидат ретінде 700-ге жуық азамат тіркелген. Оның 12-сі – Мәжіліс депутаттығына үміткер. Қалғанының барлығы облыстағы түрлі деңгейдегі мәслихатқа баруға үмітті. Жалпы, облыста 499 сайлау учаскесі бар. 3 әскери бөлімдегі дауыс беру орындары жұмысын таңғы 6-дан бастаса, қалғаны 7:00-ден бері қызу жұмыс істеп жатыр. Оның 21-і – жабық мекемелерде. Сайлау барысы жайында, аумақтық сайлау коммиссиясының төрағасының пікірін жазып алған едік. Тыңдап көрсек.

Серғали Айдапкелов, облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы:

- 12 мыңнан аса әрқайсысының сенімді өкілдеріменен Қазақстан республикасынағы және Жамбыл облысындағы қоғамдық ұйымдардан байқаушылар тіркелді. Олардың басым көпшілігі қазір сайлау учаскелерінде, өздеріне жүктелген міндеттерін анықтауда. Облыста жалпы ОБС-ден 18 адам қатысып отыр. Олар Жамбыл облысының барлық аймақтарында жүр.

Мерей Бает, тілші:

- Саяси науқанға тараздықтар белсенді қатысуда деп айтуға болады. Жастармен қатар, жасы 100-ге таяған соғыс ардагерлері де өз таңдауын жасап жатыр. Солардың қатарында ҰОС ардагері, майдангер-журналист Мүтәліп Ережепбайұлы мен Нещеретнёв Григорий де бар. Үйде отырған ақсақалдар дауыс беруі үшін жылжымалы жәшік жеткізуге де болар еді. Бірақ олар жастарға үлгі болсын деп тіркелген сайлау учаскелеріне арнайы келген.

Жалпы, аймақтағы учаскелердің барлығында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылған. Бірінде қолөнер көрмесі қойылса, енді бірінде ұлттық ойындар ұйымдастырлыды. Тағы бір учаскеде келушілерге Наурыз көже ұсынылды.