Еліміздің басым бөлігінде халықтың жартысынан көбі дауыс берді

Сағат 16:10-дағы мәлімет бойынша тізімге енгізілген азаматтардың 51,98 пайызы бюллетень алды.

Яғни Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, еліміздің басым бөлігінде азаматтардың жартысынан көбі таңдау жасаған. Әзірге Қызылорда облысының тұрғындары белсенділік танытып алға шықты. Өңірде азаматтардың 64,95 пайызы таңдау жасап үлгерген. Ал ең төменгі нәтиже Алматы қаласында. Шаһарда дауыс бергендер саны 19,14 пайызды көрсетті.