Ә. Смайылов «Самұрық-Қазына» ұжымына жаңа басшыны таныстырды

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының» ұжымына басқарманың жаңа төрағасы – Нұрлан Жақыповты таныстырды.

Жиында қордың маңызы мен оған жүктелген міндеттер айтылды. Елдегі үлкен активтерді басқаратын маңызды құрылым қазір экономикалық ахуалды реттеуге басымдық беру керек. Премьер-министр Нұрлан Жақыпов пен қорға осындай пәрмен беріп, жұмыстарына табыс тіледі.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Нұрлан Қашғанұлының алдында еліміздің энергетикалық кешенді дамыту, инфрақұрылымдық, көлік-логистикалық және индустриялық дамуын қамтамасыз ету және инвестиция тарту мәселелері, сондай-ақ отандық тауар өндірушілерге қолдау көрсетіп, ұлттық экономиканың тұрақты даму жолына шығуға жағдай жасау міндеті тұр. Осы міндеттерді қор ұжымымен бірге сапалы орындайды деп сенемін.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-министрі:

- Үкімет басшысы сонымен қатар бүгін ғана тағайындалған сыртқы істер министрі Мұрат Нұр-тілеуді де жаңа ұжымына таныстырды. Қазіргі геосаяси ахуал кезінде сыртқы саяси ведомство жұмысының, маңызы артқанын атап өткен Әлихан Смайылов ұжым жұмысына табыс тіледі. Оның айтуынша, министрлік дипломатиялық шешімдер арқылы жақын және алыс шет елдермен өзара тиімді қарым-қатынастарды нығайтуға және ұлттық экономиканы дамытуға, елеулі үлес қосып отыр.