М. Әшімбаев екіжақты кездесулер өткізді

Парламент Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев Армения республикасы Ұлттық жиналысының төрағасы Ален Симонянмен кездесті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тараптар дипломатиялық қатынастар орнаған 30 жыл ішінде мемлекетаралық байланыс қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Сұхбаттасушылар көпжақты ынтымақтастық мәселелеріне тоқталып, бірлескен жобалардың жоспарын айқындады.

Сондай-ақ Сенат спикері Әзербайжан республикасы Милли Меджлисінің төрайымы Сахиба Гафаровамен кездесу өткізді. Мәулен Әшімбаев бауырлас халықтар арасындағы стратегиялық серіктестік пен қарым-қатынасты жоғары бағалады. Екі елдің жоғары деңгейдегі осындай ынтымақтастығы Астанада өткен Қазақстан мен Әзербайжан Президенттері кездесуінің оң нәтижесі екенін айтты.

Айта кетейік, бұл күндері Сенат Спикері Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ депутат Ресейдің Санкт-Петербор қаласында өтіп жатқан ТМД Парламентаралық Ассамблеясының сессиясына қатысып жатыр.