Жамбыл облысында жел электр станциясы салынады

Стэйт пауэер инвестмэнт корпорэйшн компаниясы Жамбыл облысында қуаты 1 ГВт болатын жел электр станциясын салады.

Компанияның басқарма төрағасы Цянь Чжиминьді қабылдаған Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамаға қолдау білдірді. Бұдан бөлек, кәсіпкер Қазақстанда жел электр станцияларына арналған құрал-жабдық өндірісін іске қосу ниеті туралы айтты. Ал әлеуметтік жауапкершілік аясында компания оңтүстік өңірде қуаты 200 ГКаллға жететін жылу станциясын салуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, аталған компания Қытайдың ірі энергетикалық құрылымдарының қатарына кіреді.