Өзбекстан президенті Қазақстан халқына көңіл айтты

Бауырлас елдің бастамасымен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан президентімен телефон арқылы сөйлесті.

Шавкат Мирзиёев Абай облысындағы өрт салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты Қазақстан халқына көңіл айтып, марқұмдардың отбасының қайғысына ортақ екенін жеткізді. Әңгімелесу барысында тараптар екі ел арасындағы стратегиялық серіктестік пен ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға ниетті екенін тағы да растап, әлемдегі қазіргі жағдай туралы пікір алмасты.