Премьер-министр Ақтауға барды

Үкімет Маңғыстау атом энергетикалық комбинатының жабдықтарын жаңғыртуға 4,9 млрд теңге бөледі.

Батыс аймақтағы ахуалды бағамдау үшін жұмыс сапарымен Ақтауға барған Премьер-министр Әлихан Смайылов осылай деді. Бөлінген қаражат кәсіпорын жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Бүгінде комбинаттағы негізгі энергетикалық жабдықтардың тозу деңгейі 80%-тен асқан. Сол себепті Президент кәсіпорынды жаңғырту туралы тапсырма берді. Таяуда электр станциясының әбден тозған бөліктерін ауыстыруға әкімдік резервінен 2,6 млрд теңге бөлінді. Жауапты тұлғалар Үкімет басшысына жөндеу жұмыстары кесте бойынша жүргізіліп жатқанын баяндады. Энергия блогын 7 шілдеде толық іске қосу жоспарланып отыр.