Вьетнаммен парламентаралық байланыс нығаяды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Выонг Динь Хюэмен кездесті.

Президент әңгіме барысында Қазақстанның екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға баса мән беретінін айтты. Сондай-ақ Вьетнаммен парламентаралық байланысты дамытуға ниетті екенін жеткізіп, өзара барыс-келісті жандандыруды ұсынды. Выонг Динь Хюэ бұл ұсынысты қолдап, Қасым-Жомарт Кемелұлының Парламенттегі мол тәжірибесі заң шығару органдары арасындағы ынтымақтастықты нығайту үшін пайдалы болады деп санайтынын айтты.