Қазақстанға Түркия президенті келді

Қазақстанға Түркия президенті келді

Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының 10-шы саммитіне қатысу үшін Астанаға келді. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәртебелі мейманды елорда әуежайында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.

Естеріңізге сала кетейік, 3 қарашада Түркі мемлекеттері ұйымының мерейтойлық саммиті өтеді. Оған ТМҰ-ге мүше Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан мемлекеттерінің басшылары, сондай-ақ бақылаушы мемлекеттер – Мажарстан мен Түрікменстанның көшбасшылары қатысады.