Президент Физули қаласына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Әзербайжан еліне жасаған мемлекеттік сапары жалғасып жатыр.

Бүгін қазақ басшысы Физули қаласына келді. Әріптесін әуежайдан Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев қарсы алып, көлікті өзі тізгіндеп, мәртебелі мейманды Физули қаласына өзі әкетті. Мұнда президенттер Құрманғазы атындағы Балалар шығармашылығы орталығының ашылу салтанатына қатысады. Сондай-ақ жергілікті халықпен кездесіп, алдағы уақытта салынатын қалалық Орталық ауруханасының жобасымен танысады. Бұдан кейін екі ел басшылары Шуша қаласындағы әлеуметтік-мәдени және басқа да нысандарды аралайды деп жоспарланған.