Қ. Бозымбаев ҚР Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметінен босатылды.

Үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалған Қанат Бозымбаев өңірлік саясат, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, төтенше жағдайлар және су ресурстары мәселелеріне жетекшілік ететін болады,-деп хабарлады Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.