Президенттік полкте қызмет еткен сарбаздар запасқа шығарылды

Астанада Президенттік «Айбын» полкінің сарбаздары жауынгерлік тумен қоштасты.

Мемлекеттік Күзет қызметіне 1 жылын арнаған жігіттер Отан алдындағы борыштарын абыроймен атқарып, салтанатты түрде запасқа шығарылды. Сондай-ақ тәртібімен, белсенділігімен көзге түскен 10 жауынгер арнайы сертификат иеленіп, университеттерге тегін оқуға мүмкіндік алды.        

Медет Елемесов, 0112 әскери бөлім командирінің орынбасары:

- Былтырғы күзде биылғыны қосқан кезде 40-қа жуық сертификат алдық. Қазіргі таңда 2023 жылы кеткен бала оқып жатыр. Бізге осы күнге дейін хабарласып, Қорғаныс министрлігімен бірлесіп істеліп жатқан жұмыстарға рақметін айтады. 

Мирас Дәрібай, қатардағы жауынгер:

- «Айбын» президенттік полкіне бағым жанып түстім. 1 жылдық қызметімізді атқардық. Абыроймен атқардық деп сенемін. Алдағы уақытта ұтқан сертификатым бойынша оқимын деп кәміл сенем. Бұл сертификат бізге үлкен жол ашады.