USD 330.32 EUR 388.07 РУБ 5.6

+7 7172 553 642 | 24kz@khabar.kz

      


Юлия Путинцева мен Зарина Дияс Токиодағы турнирде бірінші рет кездеседі

  • 98
  • Материалды бағалаңыз
    (0 бағалау)
Юлия Путинцева мен Зарина Дияс Токиодағы турнирде бірінші рет кездеседі

Қазақстандық теннисші қыздар Юлия Путинцева мен Зарина Дияс Japan Women's Open Tennis турнирінде бір-бірімен ширек финалда кездеседі, деп хабарлайды Vesti.kz.

WTA рейтингінде 100-ші орында тұрған Дияс 1/8 финалда қытайлық Чжай Шуайды (әлемнің 28-ші ракеткасы) 6:4, 6:2 есебімен тізе бүктірді. 

Ал Юлия Путинцева (WTA рейтингінде 52-ші) 1/8 финалда тағы бір қытайлық Синьюнь Ханьды жеңді. Қытайлық қыз бірінші сетте 2:6 есебімен жеңілгеннен кейін, жарысты ары қарай жалғастырудан бас тартты. 

Айта кетейік, Дияс пен Путинцева бірінші рет кездескелі отыр. Олар 15-қыркүйекте кездеседі.

Система Orphus Мәтінде қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter басыңыз
back to top