363.61 436.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ӘЧ-2018: Ширек финалға шыққан алғашқы командалар белгілі болды

  • 295
ӘЧ-2018: Ширек финалға шыққан алғашқы командалар белгілі болды impactoinformativo

Ресейдегі әлем чемпионатында ширек финалға шыққан алғашқы командалар белгілі болды.

Әсіресе, алаң иелерінің осы тізімнен табылуы сенсацияға балануда. 1/8 финал аясындағы кездесу Мәскеуде өткен болатын. Ресей құрамасы Испаниямен жолығып, негізгі ойын уақыты 1:1 есебімен аяқталды. Алдымен Сергей Игнашевич автоголдың авторы атанса, кейін оның командаласы Артем Дзюба есепті теңестірді. Десе де, шын мықтыны пенальти сериясында анықтауға тура келді. Бұл жерде Ресей аяқдопшыларының асығы алшысынан түсті. Қорытынды есеп – 4:3. Ал Ресей құрамасының қақпашысы Игорь Акинфеев – матчтың ең үздік ойыншысы атанды.

Станислав Черчесов, Ресей құрамасының бас бапкері:

– Ойын кезінде көңілім сан құбылып, психологиялық күйге түстім. Ал қазір бәрі бір қалыпты. Нәтижеміз жақсы. Енді алдағы ойын жайында ойлануымыз керек.

Ширек финалдың тағы бір жолдамасы Нижний Новгород қаласында сарапқа салынған болатын. Ол жерде Хорватия мен Дания кездесті. Бұл матч та 1:1 есебімен аяқталып, шын мықтыны пенальти сериясында анықтауға тура келді. Оның қорытындысы бойынша 3:2 есебімен хорваттар басым түсті. Осылайша Хорватия келесі айналымда алаң иелерімен жолығады. Матч 7 шілдеде Сочи қаласында өтеді деп жоспарланып отыр. Ал бүгін футбол жанкүйерлері тағы қос матчтың куәгері болады. Яғни Бразилия мен Мексика және Бельгия мен Жапония ширек финалдың кезекті жолдамаларына таласады. Кездесулер Астана уақытымен бүгін кешкі 8-де және түнгі 12-де басталады.

Хабар 24 телеарнасы