361.94 431.00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Фредди Роуч Головкин мен Альварестің қазіргі әлеуетіне баға берді

  • 173
Фредди Роуч Головкин мен Альварестің қазіргі әлеуетіне баға берді YouTube

Атақты америкалық бапкер Фредди Роуч Behind The Gloves басылымына берген сұхбатында қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен арадағы қарымта кездесуге қатысты ойын айтты, деп хабарлайды vRINGe.com.

Қарымта кездесу 15 қыркүйекте Лас-Вегастағы T-Mobile аренасында өтеді.

- Golden Boy үшін ең үлкен жекпе-жек – Головкина мен Альварес қарымтасы. Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін жекпе-жек туралы не айта аласыз?

- Жекпе-жекті ұйымдастыру оңай болған жоқ. Бұл – тамашалауға тұрарлық кездесу. «Канело» де, Головкин де бір-бірінен қорықпайды. Қарымтаны асыға күтіп келемін, сұмдық болуы тиіс.

- Бұл жекпе-жекте кім басым болады және неліктен? Бокс сарапшысы ретінде олардың кемшіліктері мен артықшылықтары туралы не айтасыз?

– Головкин – менің досым. Оны жақсы білемін, ұнайды. Дегенмен қазір жас әрі күш-қуаты бар боксшы «Канело» болып тұр, ал Головкин баяулап қалған. Алдыңғы жекпе-жекте оның аяқтары «Канелоның» қозғалысына ілесе алмады. «Канело» төрешілер шешімімен жеңеді деген ойдамын.

Ақпарат көзі: kaz.vesti.kz

Хабар 24 телеарнасы