359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Фируза Шарипова туралы деректі фильм көрерменге жол тартты

  • 152

Бокстан 2 салмақ дәрежесі бойынша әлем чемпионы Феруза Шәріпова өзінің келесі жекпе-жегін 8 қыркүйекте Санкт-Петерборда өткізеді.

Оның қарсыласы – спорттық жолында әлі жеңіліс көрмеген испаниялық Мириам Гутьеррес. Сондай-ақ бүгін елордада Фируза Шәріповаға арналған деректі фильм көрерменге жол тартты. Онда боксшының үлкен спорттағы алғашқы қадамдары жайлы баяндалады.

2016 жыл. 21 мамыр. Фируза Шәріпова кәсіби рингтегі тұңғыш жекпе-жегінде екі дүркін әлем чемпионы ресейлік Софья Очигаваға ұпай саны бойынша жол береді. Бұл – әзірге оның жалғыз жеңілісі. Қимылы ширақ, соққысы мығым қазақстандық боксшы қыз бірден промоутерлердің көзіне түседі. Содан бері 8 жекпе-жек өткізіп, барлығында мерейі үстем болды. 

Деректі фильмде қазақстандық спортшы қыздың үлкен спортта жүріп өткен жолы баяндалады. Алғашқы жекпе-жектен бастап, қазіргі дайындығына дейін көрініс тапқан.    

Фируза Шәріпова, бокстан әлем чемпионы:

- Фильмді негізінен менің менеджерім, яғни продюсерім түсірді деуге болады. Онда көрсетілген жекпе-жектер шын мәнінде болған. Фильмде солардан үзінді келітірілген. Жалпы, туындыда кәсіби бокста өткізген 2,5 жылым көрініс тапқан.  

Сондай-ақ тұсаукесер рәсімінде Фируза Шәріпованың келесі қарсыласы мен жекпе-жек уақыты белгілі болды. 8 қыркүйек күні Санкт-Петербургте қазақстандық боксшы Мириам Гутьерреске қарсы тұрады. Айта кетейік, испаниялық спортшы әлі жеңілістің кермек дәмін татып көрмеген. 8 жекпе-жек – 8 жеңіс. Шәріпова-Гутьеррес жұбының жеңімпазы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы атанады.

Сергей Завилейский, Ф.Шәріпованың менеджері:

- Фируза бұл титулды Қазақстанға алғаш болып алып келеді деп үміттенемін. Оның үстіне бұл – Фируза үшін үшінші салмақ дәрежесі. Егер ол жеңіске жетсе, үш салмақ дәрежесі бойынша чемпион атанады. Әзірге Қазақстанда бұл биікті бағындырған боксшы жоқ.

Деректі фильмде Фирузаның бұл жекпе-жекке қалай жаттығып жатқаны да енген. Бүгін көркем туындының алдын ала көрсетілімі болды. Ал көп ұзамай фильм көпшілікке жол тартады.

Авторлары: Нұршапағат Несіпбаев, Асхат Қарақойшиев

Хабар 24 телеарнасы