359.00 431.00 5.39
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Астана» даниялық «Митьюлланд» клубымен қарымта матч өткізеді

  • 126
«Астана» даниялық «Митьюлланд» клубымен қарымта матч өткізеді

УЕФА чемпиондар лигасында өнер көрсететін жалғыз қазақстандық клубтың осы маусымдағы тағдыры бүгін шешіледі.

«Астана» екінші ірктеу сыны аясында даниялық «Митьюлланд» клубымен қарымта матч өткізеді. Осыған орай Роман Григорчук жаттықтыратын жігіттер қазір Хернинг қаласында соңғы дайындықтарын пысықтап жатыр. Айта кетейік, елордада өткен алғашқы матч 2:1 есебімен аяқталған болатын. «Алдағы ойында да дәл сондай футбол көрсетіп, жылдам және сенімді ойнауға тырысамыз», – дейді бас бапкер. Қарымта матч Астана уақытымен 23:00-де басталады. Егер осы ойында қазақстандық команда жеңіске жетсе, хорватиялық «Динамомен» жолығып, топтық кезеңнің жолдамасын сарапқа салады. Ал есе жіберіп жатса, Еуропа лигасының үшінші іріктеу сынына қатысады.

Хабар 24 телеарнасы