З.Диясты ұтқан Ю.Путинцева Чарльстондағы WTA турнирінің үшінші айналымына шықты

З.Диясты ұтқан Ю.Путинцева Чарльстондағы WTA турнирінің үшінші айналымына шықты
Eurosport

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Чарльстондағы жарыста отандасы Зарина Диасты ұтып, Volvo Car Open турнирінің үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Путинцева екі сетте басым болды – 6:2, 6:2. Ойын 1 сағат 22 минутқа созылды. Матч кезінде Юлия екі эйс жасады, ал Заринада мұндай болмады. Онымен қоса Дияс үш қосарлы қателік жіберді.

Үшінші раундта Путинцева әлемнің 13-ракеткасы испаниялық Гарбинье Мугурусамен ойнайды. Кездесу 8 сәуірде өтеді.

Бұған дейін қазақстандық екі теннисшінің өзара кім мықтыны анықтайтынын хабарлағанбыз.