Юлия Путинцева WTA рейтингінде ТОП-30 тізіміне оралды

Юлия Путинцева WTA рейтингінде ТОП-30 тізіміне оралды
Sports.ru

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Әйелдер теннисі қауымдастығының (WTA) рейтингінде ТОП-30 тізіміне оралды, передает Prosports.kz.

Ол 31-ден 30-орынға көтерілді. Қазақстанның бірінші ракеткасы атағы әлі Елена Рыбакинада. Ол 23-орында тұр. Зарина Дияс 88-ден 90-орынға төмендеді.

Рейтингтің ТОП-3 тізіміне австралииялық Эшли Барти, жапон Наоми Осака мен румын Симона Халеп кіреді.

Еске салайық, Путинцева америкалық Чарльстондағы турнирдің ширек финалына дейін жетіп, 12 мың доллар мен 100 ұпай еншілеген болатын. Ал осы турнирдің екінші айналымында ол З.Диясты жеңген болатын